25 «тамыз», 2023 369

Атырау индустралды колледж жатақханасына мониторинг жүргізілді 


«Жастар Рухы» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалы 14 тамыздан бастап облыстағы студенттік жатақханаларға мониторинг жұмыстарын бастады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

«Жастар Рухы» ЖҚ және жергілікті мәслихат депутаттары Атырау индустралды колледжі жатақханасында мониторинг жұмыстарын жүргізді. 

Акция мақсаты – оқу орны ғимараттарының дайындығын зерделеу және жатақханалардың санитарлық нормаларға сай екенін тексеріп, тұрмыстық жағдайларға сәйкес келмейтін фактілерін анықтау.

Атырау индустралды колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Жансейіт Жұмашевтің айтуынша, Атырау индустралды колледжінің студенттерге арналған жатақханасы 100 орынға арналған. 2021 жылы тапсырылып, 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап, студенттерді қабылдап жатырмыз. Студенттер үшін ас үй, жылы су қарастырылған. Бірақ ас үй жақта ауа сорғыш құрылғы  қондырмаған. Бөлмелерде желдеткіш жоқ. Сонымен қатар, жатақханада студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін басқа бөлмелер қарастырылмаған. Енді бір бөлмені әзірше босатып, сонда студенттердің шара ұйымдастыруға арналатын 10 шақты адамға бөлме дайындап отыр. 

Жатақхана есіктерінің сапасы жайында айтып өтсек, кілттерінің әлсін-әлсін бұзылып қалатыны бір жылға созылды. Оған бөлмелерде желдеткіштің болмауы бірден бір себеп. Аталмыш мәселені шешуді барынша жоспарға енгізіп отыр. Әрі демеушілерді іздеп табуға тырысады. 

Колледждің 2023-2024 жылға арналған 
дайындық - сырлау, ақтау, былтырғы жылдан қалған бүлінген заттарды қалпына келтіру сынды жұмыстары жүргізілуде. 

«Бүгінде 168 студент өтінім тапсырып отыр. Біздер оны 210-ға дейін толтырумыз керек», деді Жансейіт Жұмашев. 

«Жастар рухы Жастар қанаты Атырау облыстық филиалы бастамасымен облыстық қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, блогерлер бірігіп, жалпы алғанда барлығы 21 студенттік жатақханаларда мониторинг жүргіздік. Ол 2 аптаға созылды. Оның нәтижесінде көптеген жатақханалар, оның ішінде колледжерді алатын болсақ, 2020-2021-2022 жылдары салынған. Көп жерлерде басты мәселе - ас үйде ауа сорғыш құрылғысының, көп жиналатын орындарда желдеткіштің болмауы. Соңғы салынған жатақханалардың сапасы нашар. Бір жылға жетпей бүлінген есіктер көп. Бірақ бұл тараптан оқу орынды сынға ала алмаймыз, себебі, оған дейін салынған тапсырыс алушылардың жұмысының нәтижесі деп есептейміз», деп айтты Жастар рухы Жастар қанаты Атырау облыстық филиалы төрағасы Абылай Құрметұлы. 

Одан бөлек, Жастар рухы Жастар қанаты Атырау облыстық филиалы студенттердің жатақханаларға орналасу барысында келеңсіздіктер мен заңсыздық фактілері орын алған жағдайда жедел желіні іске қосты.

Атырау индустралды колледжі жатақханасына берілген баға жөнінде айтып кетсек, ол 2022 жылдың желтоқсанынан студенттер орналасқан. Жаңа жатақхана болғанымен, бірнеше есіктерінде ақау бар. Колледж әкімшілігі алдағы уақытты бұл мәселені шешеді деген үміт бар. 

Айта кетейік, осыған дейін Атырау облысында 19 жатақханаға мониторинг жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде жағдайлары жақсыларға 11, орташа қатарға 6, төмен жатақханалар қатарына екеуі жатады. 

Қасиет Бахкерейқызы