«Арнайы білім беру: Сапалылық. Жаңашылдық. Кәсіби дағды»

Аталған іс-шара Атырау облыстық білім беру басқармасына қарасты арнайы мектеп-интернаттың құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Аталған арнайы мектеп-интернат ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларды өз мүмкіндіктеріне сенімді, түрлі мәселелерді өз бетінше шешуге қабілетті жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында қызмет етіп келеді.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Ашық алаңның мақсаты - ерекше​ ​ білімді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі​ ілгерілеушіліктерді, жаңашылдықты ортаға салып, педагогтер мен арнайы мамандардың тәжірибелерімен бөлісу. Іс-шараға ардагер ұстаздармен қатар түлектер де келді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында ашық сабақтар мен​ тәрбиелік-танымдық​ сағаттар​ өткізіліп, «Әсемдік әлемі – балалар қолымен» көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Жүрекке жылу, санаға білім сыйлаған ұлағат ұясына – 25 жыл» атты мектеп шежіресі туралы​ арнайы шығарылған кітап таныстырылды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта мектеп-интернатта есту, көру қабілеті зақымдалған, психикалық дамуы тежелген 140 оқушы білім алуда.