2026 жылы ҰБТ форматы өзгере ме?

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тест форматы бұрынғыдай сақталады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы ресми ақпарат ortcom.kz сайтында жарияланды. Мәліметке сәйкес, қаңтар айындағы ҰБТ басталып, ол 10 ақпанға дейін жалғасады.

Биылғы қаңтардағы тестілеуге 187 мыңға жуық адам өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Қатысушылардың басым бөлігі тестілеуді қазақ тілінде тапсыруды таңдаған. Атап айтсақ, талапкерлердің 75,2%-ы қазақ тілінде, 24,6%-ы орыс тілінде, ал 189 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірген.
Білім саласындағы бұл шешім талапкерлер үшін үйреншікті жүйені сақтап, дайындықты жеңілдетуге бағытталған. Яғни, келесі жылы да тестілеу құрылымы, пәндер саны мен форматында еш өзгеріс болмайды.
Айта кетейік, қаңтардағы ҰБТ сынағы нәтижесімен талапкерлер ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсе алады. Тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады.