04 Қазан, 2022 142

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

 Жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың қатысуымен Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті. Оған қала, аудан басшылары қатысты,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Күн тәртібінде Жылыту маусымына дайындық жұмыстары, Республикалық және облыстық автокөлік жолдарының 2022-2023 жылғы қысқы мезгіліне дайындығы, оқыс оқиғалар кезіндегі төтенше жағдайлар қызметін пысықтау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді-мекендерінде кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру мәселелері қаралды.

Алдымен Энергетика ж/е тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Мукишев баяндама жасады. Оның айтуынша, жалпы облыс бойынша 414 білім беру, 144 денсаулық сақтау нысандары және 1786 көпқатарлы тұрғын үйлер жылу беру маусымына дайындалуда.


- Бүгінгі таңда, білім беру нысанының 99 пайызға, денсаулық сақтау нысанның 94 пайызға және тұрғын үйдің 83 пайызға дайын. Қала және аудан әкімдіктерінің қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың 1 қазан айынан бастап әлеуметтік сала нысандарына, 15 қазан айынан бастап көпқатарлы тұрғын үйлерге жылу беріле бастайды. Алдағы жылу беру маусымының сапалы және үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында қала және аудандардағы барлық тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жөндеу жұмыстары жоспарланды, - деді Д.Мукишев.



Ал екінші мәселе бойынша, Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат Айтқалиев тоқталды.
 

- Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына 3 жылға (2020-2022 ж.ж.) конкурстық рәсімдер өткізіліп, қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына келісім-шарт жасақталуда. Облыс көлеміндегі жалпы пайдаланымдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 1927 шақырымды құрайды, - деді ол.
 

Ал үшінші мәселе бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Аскат Ержановтың баяндамасы тыңдалды.
 

- Бүгінде Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын анықтау мақсатында тоқсан сайынғы негізде осы қызметтермен оқу-жаттығулар өткізеді. Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізу шеңберінде «Көктем-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқаулары әзірленді және бекітілді, - деді салаға жауапты маман.


Жиын соңында Қайрат Нұртаев салаға жауаптыларға жұмысты күшейту қажеттігін айтып, нақты тапсырма берді.

 

Фото ашық дереккөздерден алынды.