Жылыой ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бұл туралы аудан әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Айшуақова Гүлнафис Аязберікқызы 1984 жылы 24 қарашада Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 2008 жылы "Карат" ЖШС-де заңгердің көмекшісі болып бастаған.
2016-2019 жылдары Жылыой ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет жасаған.
Атырау облысы әкімі аппараты жанындағы конкурстық комиссиясының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарға ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша 2023 жылдың 31 қаңтарынан бастап аудан әкімінің №10-к өкімімен аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы лауазымынан босатылып, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.