Жылыой жұрты абыз ақсақалынан айырылды...

Жылыой ауданының абыз ақсақалы Абдулла Абдрахманов дүниеден өтті. Бұл туралы аудан басшысы Жұмабек Қаражанов әлеуметтік желіде мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. 

"Жылыой ауданына әкім болып келгенімде ардақты ақсақал, абыз қариямен бірнеше рет кездестім. Сөзі салмақты, ойы ширақ, биік парасатты жан еді. Өзінің туған жері, өскен ортасы, еңбек жолы жайлы айтқанда сөзден жаңылмайтын. Оқиғаның болған жылы, өткен уақытына дейін дәлме-дәл айтып отырғанына қарап, ақсақалдың есте сақтау қабілетінің жақсы екендігіне таң қалатынбыз. Жасы біразға келсе де өз ауылының жағдайына,елдің тұрмыс-тіршілігіне алаңдап отыратын. Ауданда болып жатқан жаңалықтардан, атқарылған игі істерден хабардар болып, өзінің аталық ақылын айтып, жастарға бағыт-бағдар бере білгенінің өзі Абдулла ақсақалдың абыздығын көрсетсе керек. Абдулла атамыздың отбасына, ұрпақтарына сабыр, Алладан күш қуат тілейміз.Абдулла Абдрахмановтың мәңгілік мекені жарық болып, нұры пейіште шалқысын!" деп жазды аудан басшысы.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение 2 человека