Жылойлық өнерпаздар концерт қойды

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Жылыой ауданы көркемөнерпаздарының концерті өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мәдени шара қала күні аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы қалалық әкімдік баспасөз қызметі мәлім етті. Мерекелік кешке қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов және өңір зиялылары қатысты.
Шара соңында әкім орынбасары тұрғындар атынан өнерпаздарға алғыс білдіріп, қала әкімінің атынан гүл шоқтары мен құттықтау хатын табыс етті.