Жыл басынан бері облыста көкжөтелдің 144 жағдайы тіркелген

Оның басым бөлігі Атырау қаласында. Бұл туралы Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратова баспасөз брифингінде мәлім етті,  деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

"Көкжөтел – жұқпалы инфекциялық ауру, оны Bordetella pertussis бактериясы қоздырады. Бұл ауру әсіресе балалар үшін қауіпті болуы мүмкін. Жыл басынан бері аймақта көкжөтелдің 144 жағдайының тіркелуі инфекцияның таралу қарқыны жоғары екенін көрсетеді . Вакцинация - көкжөтелден қорғанудың ең тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан жұқпалы ауруларға қарсы екпе алу маңызды. Сонымен қатар қоғамдық орындарда жеке гигиена шараларын сақтау да аурудың таралуын төмендетуге ықпал етеді", - деді А.Аймұратова.