Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Атыраудың 32 жастағы қала тұрғыны адамдардың сеніміне кіріп, жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған.
Күдікті 2022 жылдың наурыз айынан бастап халықты өз арбауына түсіріп, жоғары жалақысы бар жұмысқа орналастырып беремін деп 20-ға жуық азаматтың 3 миллион қаражатын жымқырған. Қазіргі уақытта күдікті Атырау қаласынан анықталып, ұсталып, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190 бабы 3 бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы ретте атыраулық тәртіп сақшылары осындай алаяқтық секілді қылмыстың белең алып тұрған кезінде азаматтар заңсыз әрекетер жасау арқылы бір нәрсеге оңай әрі тез қол жеткізу үшін жинаған қаражаттарын оп-оңай алаяққа беруден сақ болуымыз керек екенін ескертеді.