Атырау қаласындағы Жұлдыз мөлтек ауданында орналасқан «Шолпан» балабақшасына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Балабақша 14, 15, 16 ақпан күндері жеңілдігі барлардың өтінімін қабылдайды. Яғни, көп балалы отбасылар, әскери қызметкерлердің балалары қамтылады. Ал 17 ақпан күні кезекте тұрған балалардың өтінімі қабылданады. Барлығы 160 орын қарастырылған. Қазір соның 5 орнына өтінім түсті,- деді балабсқша меңгерушісі Шарафат Ахметова.
Балабақша меңгерушісінің мәліметінше, 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған балабақшада 7 топ бар. Олардың ішінде 3 ең кіші бүлдіршіндерге арналған 20 орындық топ, қалғандары 25 орынға арналған топ.
Айта кетейік, балабақшада 45 қызметкер, оның ішінде 20 педагог, 26 техникалық қызметкер жұмыс істейді. Ал балаларды қабылдау indigo24.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.