Жүлде қоры - 3 миллион теңге! Атырауда Tartyl fest фестивалі өтеді

Атырауда турникке тартылудан фестиваль өтеді деп хабарлайды ATPress.kz
Tartyl fest фестивалі 31 шілде күні Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс алаңында өтпек. Фестиваль барысында 9 санат бойынша 27 жеңімпаз анықталады.
Жүлде қоры - 3 миллион теңге. Жарысқа қатысамын деушілер жергілікті уақытпен 9.00-11.00 аралығында тіркеле алады.
Фестиваль кешкі сағат 17.00-де басталады.
Еске салайық, фестиваль амбассадоры - Қазақстандағы Street workout негізін қалаушылардың бірі Айтым Жакупов.