Жол апатынан көз жұмды...

Атыраудың бұрынғы тұрғыны Канадада жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Торонтода оны Toyota көлігі қағып кеткен. 38 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмған. Бұл туралы «Атырау онлайн» телеграм-каналы жазады. Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Алдын ала мәлімет бойынша марқұм 2018 жылға дейін Қазақстанда өмір сүрген екен. Ол Атырауда туып-өскен және білім алған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ