Жер телімін рәсімдеу, жалға алуды ұзарту жолдары қандай?

AtyrauPress сайтының редакциясына және әлеуметтік желілерге оқырмандар түрлі сұрақтармен жүгінеді. Бүгін біз солардың кейбіріне құзырлы органдардан алынған жауаптарды жариялаймыз.

– Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алу үшін кезекке қалай тұруға болады?

Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін алу үшін кезекке тұруға өтінімдер онлайн түрде Egov.kz порталы арқылы қабылданады.
Қызметті пайдалану үшін порталдағы «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөлімдеріне кіріп, «Жеке тұрғын үй құрылысына (10 сотка) жер телімін алу үшін кезекке тұру немесе кезекті қарау» қызметін таңдау қажет.
Одан әрі өтініш түрін таңдап, рәсімдеу керек.

– Жер телімінің мақсатты пайдалану түрін өзгертуге бола ма?

Жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту ҚР Жер кодексінің 49-1-бабымен реттеледі.
Бұл мәселе жер телімі орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылады.
Бұл мемлекеттік қызмет болып саналады және ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Физикалық және заңды тұлғалар жер телімі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға қағаз түрінде немесе Egov.kz веб-порталы арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы өтініш бере алады.
Шешім Жер комиссиясының қорытындысына негізделе отырып қабылданады. Қызмет тегін көрсетіледі.

– Жер даулары қалай шешіледі?

ҚР Жер кодексінің 167-бабына сәйкес, жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар ҚР заңдарына сәйкес қаралады.
Жер даулары әртүрлі себептермен туындауы мүмкін: меншік құқығы, шекара мәселелері, жер пайдалану тәртібі және т.б.
Мұндай дауларды шешудің бірнеше жолы бар:
    1.    Келіссөздер – тараптар өзара келісімге келуге тырысады;
    2.    Медиация – үшінші бейтарап тұлға көмегімен ымыраға келу;
    3.    Арбитраж – тараптар тәуелсіз арбитрдің шешіміне жүгінеді;
    4.    Сот – келісімге келмеген жағдайда сотқа арыз беру;
    5.    Сот шешімін орындау – сот шешімін міндетті түрде орындау қажет;
    6.    Апелляция – сот шешімімен келіспеген жағдайда жоғарғы сотқа шағымдануға болады.

Жер дауларының ерекшеліктері болуы мүмкін, сондықтан жер заңнамасына маманданған заңгерден кеңес алу ұсынылады.

– Бақша шаруашылығына жер қайдан бөлінеді?

ҚР Жер кодексінің 102-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына бақша, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін төмендегі санаттардан жер телімдері беріледі:
    1.    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
    2.    Елді мекендердің жерлері – кейбір жағдайда саяжай серіктесті

Фото freepik