Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress.kz.
Атырау облыстық Білім беру басқармасы әлеуметтік желілерде тараған "оқушылар мемлекеттік грант немесе нысаналы грантты таңдайды", сондай-ақ "келесі жылы грант берілмейді деген" хабарларды жоққа шығарды. Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова мессенджерлерде тараған хабардың жалған екенін мəлімдеді.
«Әлеуметтік желілерде тараған аудиожазбаға сенбеулеріңізді сұраймын. Мектеп бітіруші түлектерге гранттар жыл сайын бөлінеді. “Келесі жылы білім гранттары берілмейді” деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жыл сайын мемлекет тарапынан министрлік және жергілікті әкім гранты бөлінетіндігі туралы ақпараттандыру жұмыстары үнемі жүргізіледі. Айта кетейін, биылғы 4000 гранттың 3200-і техникалық мамандықтарға және 800-і педагогикалық мамандықтарға бөлініп отыр" деді ол.
Барлық білім беру ұйымдарындағы түлектер мемлекеттік грант пен өңірге бөлінген мақсатты гранттар туралы ақпараттандырылып жатқандығын хабарлаймыз. Сондай-ақ, түлектер қай грант конкурсына өтініш беретіндіктерін ұйғарып, өз таңдауларын жасауда.
Хабарламалада келесі жылы грант берілмейді деген жалған ақпарат таратушылар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қылмыстық жауапқа тартылатыны айтылған.