Желіде атыраулық спортшының Алматыда қаза болған жері түсірілген видео пайда болды
Алматыдағы тұрғын үй кешенінде алты жасар бала шатырдан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бүгін әлеуметтік желіде баланың құлаған жері түсірілген видео пайда болды. "PRO КАДРЫ KZ" Telegram арнасының хабарлауынша, қаза болған бала - атыраулық. Видео авторының айтуынша, оқыс оқиға Алматыдағы «Қуат» тұрғын үй кешенінде болған. Видео түсіріп тұрған әйел ата-аналардың балаларды қадағалауын сұрайды.
Еске сала кетейік, алты жасар атыраулық спортшы Алматыға грэпплингтен халықаралық турнирге қатысу үшін аттанған болатын. Бұл жағдай бес баланың дүкенге сұранып кеткен кезінде орын алып отыр.
Қазір «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА
Видео әлеуметтік желіден алынды