Жайық өзеніне тор салып балық ауламақ болғандардың құралдары тәркіленуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы ПД Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімі қызметкерлері Жайық-Каспий аумағындағы мұз айдындарында заңсыз балық аулаудың алдын алуға бағытталған, соның ішінде тіркелмеген мотокөлік иелерін анықтау бағытында бірқатар шаралар ұйымдастырылуда. Атырау облысы аумағындағы Еркінқала, Құрманғазы, Амангелді, т.б. елді-мекендердің аумағында рейдтік іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруда.
Өткізілген іс-шаралар барысында 24 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Бұған қоса, Жайық өзені үстінен иесіз 3 мотокөлік табылып, қазіргі таңда иесін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 7 дана ау-тор және 3 дана балық аулауға арналған торлар анықталып, тәркіленді.