Жайық үстінде көлікпен тайраңдады

Атыраулық полицейлер мұз үстінде көлікпен жүрген азаматты анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық полиция департаментіндегі мамандардың айтуынша, қауіпсіздік шараларын сақтамай мұз үстімен автокөлікпен жүретіндер азаймай тұр. Мәселен, 24 желтоқсан күні Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған Атырау қаласы Дамбы ауылы тұсындағы Жайық өзені үстінде көлік құралдарымен жүргендері анықталып, жүргізуші иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 620 бабымен (Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) хаттама жасақталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Айта кетейік, мұз жолдарда, күртік қардың астында, жағалауларда, жарқабақтарда, өзендер мен жылғалардың құйылысында жұқа болғандықтан, көліктің салмағын көтермейді. Осыған орай, мамандар тұрғындарды мұз үстінде ауыр көлік құралдарымен жүрмеуге шақырады