Жайық өзенінен 4 574,464 тонна балық аулау квотасы бөлінген

Бұл туралы Дамбы балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Амангелді Ақтанов хабарлады.

2022 жылғы 1-ші шілдеден бастап 2023 жылдың 1-ші шілдесі аралығында Жайық өзені бойынша  4 574,464 тн балық аулау квотасы бөлінген. Көрсетілген квота Жайық өзенінің төменгі ағысында орналасқан және Дамбы балық инспекциясы бөлімінің бақылау аймағына қарасты 11 бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде жүргізіледі. Жыл сайын күзгі кәсіпшілік балық аулау Жайық өзенінде тамыз айының 16-нан басталып өзенге мұз тұрған уақытта аяқталады.