Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балықтардың 984 343 данасы жіберілді

Бұл туралы Дамбы балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Амангелді Ақтанов хабарлады.

Табиғи өсімін молайту үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды іске асыру арқылы балық ресурстарын көбейту, сондай-ақ зауыт әдісімен жасанды молайтуды жүзеге асыру маңызды бағыт болып табылады.

Ағымдағы жылы Дамбы балық инспекциясы бөлімінің бақылауымен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балық өсіру кәсіпорындары бағалы балықтардың (бекіре тұқымдастардың) 7 млн. данасын шығарып, Жайық өзеніне жіберді. Бұл мақсатта бекіре тұқымдас балықтарының өндірігіштерін  өсімін  молайту мақсатында аулау Жайық өзенінде орналасқан  «Төменгі Пешной» бекітілген балық шаруашылығы учаскесінде жүзеге асырылады.

Оның үстіне, шарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде балық ресурстарын пайдаланушылар, яғни Атырау облысының балық шаруашылығы субъектілері 2022 жылы табиғи тіршілік ортасы Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балықтардың 984 343 данасын жіберді.