Жасыл түске боялған Жайық өзені атыраулықтарды шошытты (+ВИДЕО)
- YouTube:
Желіде Жайық өзенінің жасыл түске боялғаны жөнінде бейнежазба тарады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мәселеге қатысты облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
"17 тамызы күні біздің департамент әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Жайық өзенінің жағасы жасыл түске боялып жатқандығы туралы жарияланымды байқады. Осы мәселе бойынша департаменттің зертханалық-бақылау бөлімінің мамандары Көкарна, Балықшы ықшамаудандары тұсынан өтіп жатқан Жайық өзенінен зертханалық талдау үшін су сынамасын алды. Өзге ақпараттар қосымша хабарланады" дейді депаратменттің баспасөз хатшысы Эльнара Оралқызы.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ