Атырау облыстық басқармасының басшысы атыраулық жас дарын Ғинятолла Абайды қабылдады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Жас зерттеуші «Рекордты жаңғыртқан жаяу көпірді экотуризм нысанына айналдыру» тақырыбындағы зерде жобасын таныстырды.
Жобаның негізгі мақсаты – қаланың имиджін арттыра отырып, табиғи ортаны сақтауға негізделген экотуризмді дамыту. Рекордтық көрсеткіштерімен танылған жаяу көпірді жаңғырту арқылы туристер үшін қолайлы әрі тартымды инфрақұрылым қалыптастыру көзделіп отыр.
Кездесу барысында ұсынылған бастама өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған тың әрі өзекті жобаретінде оң бағаланды. Жас дарынның идеясы экотуризм саласына жаңа серпін беріп, Атыраудың туристік картасындағы орнын күшейтуге мүмкіндік береді.
Кездесу соңында басқарма басшысы Ғинятолла Абайға сәттілік тілеп, жобаны жүзеге асыру жолында жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.