Әлем чемпионатына Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Атырау облысының спортшысы Егор Белоусов та қатысуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Айта кету керек, Егор Белоусов 2022 жылы қараша айында Таиланд елінде өткен Азия чемпионатында Ұлттық құрама сапында қола жүлдегер атанған болатын.
Жергілікті су добы шеберлері әлемдік додаға алғаш рет қатысып жатыр. Өңірде бұл спорт түрімен 174 спортшы кәсіби түрде шұғылданады.
Қасиет Бахкерейқызы