Жаңа жылда уланып қалып жүрмейік...

Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мереке алдында тамақтан уланудың алдын алуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен "Вокзал", "Чечил паб", "Аспава" мейрамханаларының жауапты қызметкерлері арасында "Жаңа жыл қарсаңында қоғамдық тамақтандыру орындарында жаппай тамақтан улану" тақырыбында санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіліп, семинар өткізілді. Мақсат – жаңа жылдық мереке кешінде жаппай уланудың алдын алу.

Бұл ретте, ҚР ДСМ 2022 жылғы 17 ақпандағы №16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасы, №ҚР ҰЭМ 2016 ж. 6 маусымдағы № 239 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары негізге алынды. Семинар барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейдегі сауалдарға жауап алды.