01 Қыркүйек, 2023 122

Жангелдинде кірме жол жарықтандырылмақ


Жангелдин ауылының 920 метр кірме жолын жарықтандыру жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгінде 37 дана заманауи үлгідегі алты қырлы бағандар мен жарықшамдар орнатылып жатыр.

-Әлбетте, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен жол көлік оқиғалараның алдын-алу - басты мақсат. Сондықтан, көшенің жарық болуы өте маңызды. Қазіргі уақытта «Invent team» ЖШС мердігер деп танылып, жұмысты бастап кетті. Құрылыс жұмыстары бір айға жоспарланған, қыркүйек айында толық аяқталады деп күтілуде. Келісімшарт құны - 27 миллион 606 мың теңге,- деді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Кенжебек Камалиденов.

Айта кетейік, Жангелдин ауылында 286 үй болса, тұрғын саны 1646.