25 «тамыз», 2023 724

Жалған жарнама беріп атыраулықтарды алдаған (+ВИДЕО)


Атыраулық полицейлер жалған жарнама арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Маусым айында Атырау облысы ПД Криминалдық полиция ​ басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлерімен БҚО Орал қаласында, ғаламтор желісіне OLX, Крыша.кз парақшаларына заманауи үйлерде орналасқан пәтерлерді және садақа өткізуге арналған киіз үйлерді жалға беретіндігі туралы жалған жарнама шығарған. Оған қызығушылық танытқан Атырау қаласының тұрғындарынан алдын ала төлем ретінде әр түрлі көлемдегі ақша қаражаттарын есеп шоттарына аудартып алу арқылы алаяқтық жасаған 1996, 1990, 1995 жылдары туған бұрын сотты болған Орал қаласының тұрғындарын ұстады.

Қазіргі таңда 12 эпизод қатысы бар екені анықталып, ​ ҚР ҚК 190 бабы 3 бөлігімен қылмыстык іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ