Жайыққа каналдан су құйылып жатқан видео тарады
Әлеуметтік желіде Еркінқала ауылдық округі тұсындағы Ерік-Мостовой каналынан Жайық өзеніне су құйылып жатқандығы жөнінде бейнежазба жарияланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жарияланған бейнежазбаға орай Атырау облысы бойынша экология департаментінің Зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары Еркінқала ауылдық округі тұсындағы Ерік-Мостовой каналы суынан зертханалық талдау жасау үшін сынама алды. Нәтижесінде, өзенге құйылып жатқан судың жолы топырақ үйінділері арқылы бітеліп, Жайық өзеніне құйылуы тоқтатылғандығы анықталды.
"Департаментпен, Атырау қаласы әкіміне, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына және Жайық-Каспий бассейндік инспекциясына каналдан Жайық өзеніне ағып жатқан суды тоқтатып, канал жағасын, ішін қалдықтардан тазалау шараларын қабылдауы жөнінде хат жолданды" дейді департаменттің баспасөз өкілі Эльнара Оралова.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ