Жұмыскер, Рембаза, Өркенге жаяу жүргінші жолы салынбақ

Жұмыскер, Рембаза, Өркен ықшамаудандарының 17 көшесіне жаяу жүргінші жолдарын төсеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Шәкір Кейкин Жұмыскер және Рембаза шағын аудандары тұрғындарымен кездесуде айтты.

- Рембаза шағын ауданында - Ғарышкер, Гумаров, Қожахметов, Кенжебаев көшелері, Жұмыскер шағын ауданында - Бекмағамбетов, Қайыршақты, Жұмағалиев, Сақыпов, Ахметов көшелері, Өркен шағын ауданында - Шөреев, Сатыбалдиев, Бимақов, Ақан Сара және 15, 32, 33, 34 көшелерде жолдың бір жақ бөлігіне жаяу жүргіншілер жолы төселінетін болады. Және де Жұмыскер-2 шағын ауданындағы 27 көше мен Өркен-2 шағын ауданындағы 6 көшеге жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде, деді қала әкімі.

Тұрғындар тарапынан жаяу жүргіншілер жолы, жасанды жол кедерігілері, көше жарығы мен электр қуатының төмендігі жөнінде, тазалық сынды бірқатар мәселелер қозғалды.

Қала әкімі аталған мәселелерді назарға алып, шешу жолдары заңдылық аясында қарастыратынын атап өтті.

Кездесуден соң қала әкімі тұрғындардың шағымына сәйкес жаяу жүргіншілер жолы жоспарланған аумаққа барып, кей олқылықтар бойынша жауапты бөлім басшылары, жоба авторы мен мердігер мекемеге тапсырма берді.