"Жүгір немесе өл": Атырауда қауіпті ойын тарап жатыр ма?
Соңғы күндері балалардың арасында "Жүгір немесе өл" ("Беги или умри") деген қауіпті ойын белең алуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Осыған ұқсас жағдайды атыраулық жүргізушілер да байқаған. Балалар жолда келе жатқан көліктердің астына түсіп, оны видеоға түсіреді. Балалар бұл ойынды ақша үшін немесе жай қызық көріп ойнайтынға ұқсайды.
Алғаш рет бұл қауіпті ойынды ақтаулықтар аңғарып, жағаларын ұстаған. Абырой болғанда әзірге ешкім жапа шекпеген.
Жақында атыраулық тұрғындар да бұл мәселеге қатысты алаңдаушылық білдіріп, желіде пікір қалдырған.
"Жүргізушілер, жол жиегінен жасөспірім көрсеңіз, сақ болыңыздар. Жаңа ғана бір бала екіншісін жүріп келе жатқан көлікке қарай итеріп жіберді. Олардың ойындары түсініксіз" деп жазды ол.
Алайда, жергілікті полицейлер қазіргі таңда мұндай жағдай өңірде тіркелмегенін айтады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ