Өзге үйдің алдына қоқыс тастайтын тұрғын ұсталды (+ВИДЕО)
- Facebook Video URL:
Атырау қаласының тұрғыны №6 учаскелік полиция бекетіне өз үйінің алдына белгісіз ер адам қоқыс тастап кететінін айтып шағымданған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Полиция инспекторлары 1978 жылы туған жергілікті азаматты ұстады. Анықтау барысында құқықбұзушы жұмысқа бара жатып, жол-жөнекей қоқыс жәшігі болмағандықтан сол жерге қалдыратынын айтып ақталған.
«Енді оған қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 434-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Тиісті іс-шарасы алынатын болады» дейді тәртіп сақшылары.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ