Заңсыз отшашу сатқандар анықталды

"Пиротехника" іс-шарасы аясында заңсыз отшашу сатумен айналысқан екі тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қаласы аумағында 25 желтоқсаннан бастап, заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, есепке алу, қолдану, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру, сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау, қоғамдық орындар мен көшелерде, тұрғын үйлерде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында "Пиротехника" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осыған орай, тәртіп сақшылары тұрғындарға сапасыз және сертификатталмаған пиротехниканы пайдалану өртке немесе жарақат алуға және қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін ескерте отырып, заңсыз пиротехника бұйымдарын сататын түлғаларды анықтау үшін іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, 26 желтоқсан күні Атырау қалалық полиция қызметкерлері Тайманов көшесі бойында орналасқан Шіркеу алдында маркасы Nissan Teana автокөлік иесі 1992 ж.т. азамат пиротехника бұйымдарын сатып тұрған жерінен ұсталды.Тексеру барысында 30 жастағы азаматтан жалпы саны 14 дана отшашу заттары тәркіленді. Аталған факті бойынша 1992 ж.т. автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 196 бабымен хаттама жасақталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Одан бөлек, 26 желтоқсан күні Исатай-Махамбет алаңы жаныңда маркасы Chevrolet Cobalt автокөлік иесі 1995 ж.т. азаматтың пиротехника бұйымдарын сатып тұрған жерінен ұсталып, тексеру барысында автокөлік ішінен 30 дана отшашу заттары тәркіленді. Аталған факті бойынша 27 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196 бабымен  жауапкершілік көзделіп, әкімшілік хаттама толтырылды.

Полицейлер қауіпсіздік мақсатында пиротехникалық бұйымдарды тек оны сату үшін арнайы бөлінген орындарда және тек сертификатталған пиротехникалық өнімдерді сатып алу қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандарға пиротехникалық бұйымдарды сатуға тыйым салынатындығын еске салады.