Заңсыз бекіре тасымалдаған атыраулық азамат ұсталды

Бұл заңсыздықты Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтаған. Олар «Атырау-Астрахан» тас жолы бойында тексеру жүргізіп, 43 жастағы ер адамның Datsun маркалы автокөлігінің жүк салғышынан 100 келіге жуық бекіре тұқымдас балық тәркіледі.    - Қазір бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған 1979ж.т. көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 2-бөлігі, 5-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды- деді, Нұрхат Оразбаев.