Жайық жағалауы адам танымастай өзгермек

Облыс орталығындағы Жайық жағалауында жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2020 жылы қаланың 380 жылдығында «NCOC» компаниясы 4 миллиард теңге бөліп, жағалауға құрылыс жұмыстарын жүргізген еді. Қазір ол әбден ескіріп, жаңарту жұмыстары басталды. Келесі жылдың көктеміне дейін жалғаспақ. Бұған қатысты шаһар басшысы да пікір білдірді.

«Жағалаумен жүріп келе жатып, қалалық әкімдіктен Әлиев көпіріне дейінгі аралықтан көптеген кемшіліктерді көрдім. Күннен қорғайтын шатырлар, жарық шамдары, төсемтастар, жүгіру жолақтары, бәрінің де күйі кеткен, сапасы сын көтермейді. Осының бәрін түзетуге «NCOC» компаниясына тапсырма бердім. Әйтпесе, бұл алапуыт мекеменің беделіне де нұқсан келтірері айқын» дейді Шәкір Кейкин.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, компания басшылығы әкімнің ұсынысымен келісіп, өз қаржысына жөндеу жұмыстарын жүргізетіні белгілі болды. Ал, жаңғырту жұмыстарын үш жыл бұрын «КА Строй ЛТД» компаниясы жүргізген болатын. Бұл жолы да аталған жұмыстармен осы мекеме айналыспақ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ