Жайық үстінен түлкі табылды (+ВИДЕО)

Атырауда Жайық өзенінде қатқан мұз үстінде түлкі жүр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оны балық аулауға шыққаан балықшылар видеоға түсіріп алған. Бұл туралы kaz.inform.kz жазады. Жергілікті әуесқой балықшы Рахим Қойлыбаевтың айтуынша, видео кеше, 18 ақпанда Атырау қаласындағы «Авангард» шағын ауданында түсірілген. Видеода түлкінің Жайық өзенінің үстінде жүргені көрінеді. Түлкінің жанында қарғалар үшып жүр. Дала аңының жемтік іздегені байқалады. 

«Атырауда мұндай жағдай бірінші рет емес. Мәселен, 2021 жылғы желтоқсанның соңында түлкі Атырау қаласындағы Азаттық көшесімен бара жатты. Оның да видеосы тарады. Кейін Еркінқала ауылына 3-4 қабан кіріп кетті. Ал, жақында Дамбы ауылына баратын жолмен қасқырдың елді мекенге қарай бара жатқанын көрдік. Қалаға, не ауылға ашыққан аң келуі мүмкін. Мұның басқалай себебі жоқ», - дейді Рахим Қойлыбаев. 

Фото: әлеуметтік желі