Вокзал маңы мөлтекауданында екі жасар баланы күйік шалды
- Facebook Video URL:
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
– 16 тамыз күні кешкі сағат 23:00 – ден бастап жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге шақыртуларға шықтым, - дейді ол. – Алғашқы шақырту Еркінқала ауылдық округінен келіп түсті. Көрсетілген мекен жайға 7 мин ішінде жеттік. Пациент алкагольді ішімдік пайдаланғаны және жолдасынан түрлі дене жарақаттарын алғаны анықталды. Бастапқы уақытта пациент 102 қызметкерлерінің келуін талап етіп, жәдел жәрдем көмегінен бас тартқан болатын. Аталған жерге 5 мин ішінде 102 қызметкерлері келіп, мән-жәйді анықтап, пациент жедел жәрдем көлігімен Облыстық аурухананың травмпункт бөліміне жеткізілді.
Екінші шақырту Вокзал маңы мөлтек ауданынан келіп түсті. Екі жасар баланы күйік шалғаны анықталып, бірден алғашқы көмек көрсетіліп, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ауруханада балаға тиісті көмектер көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Бұл екі шақыртуда орын алған жағдайлар. Тәулігіне 700 ге жуық шақыртуларға баратын жедел жәрдем қызметкерлері әр түрлі қиындықтарға тап болады. Адам денсаулығын сақтауда әр минут маңызды екенін айтқым келеді.
Науқастар тарапынан жедел жәрдем қызметіне көңілдері толмайтындарында байқап жатамыз. Бірақ 103 медициналық қызметіне негізсіз жүгінетіндердің қатары да көп екендігі байқалады. Осы орайда, жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауға шақырамын. Алдағы уақытта жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге шақытуларға шығып тұратын боламын.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ