Бұл туралы біз облыстық аурухананың баспасөз қызметінен білдік, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ауа температурсасы 30 градусқа дейін төмендеген күндері ауруханаға түскен 1974 жылы туған тұрғынның саусақтары үсіп қалған. Сөйтіп, хирургия бөлімшесінен бір-ақ шықты. Оған ота жасалып, сегіз саусағы алынып тасталды.
Сол сияқты, дәрігерлер тағы бір тұрғынның үсіп қалған сегіз саусағын ота арқылы алып тастады.
Қазір екеуінің де жағдайлары орташа ауыр. Диагноз қойылып, ем алуда.
Фото: Ерлан Алтыбаев