"Үшінші қабаттан секіремін". Атырауда жас сарбаз соққыға жығылды

Атырауда әскери борышын өтеп жатқан 19 жасар маңғыстаулық сарбаз медециналық көмеке зәру деп хабарлайды ATPress.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Атырауда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің №2016 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан 19 жастағы Медет есімді маңғыстаулық сарбаз 11 шілде күні соққыға жығылған. Оның денсаулығы күрт нашарлап кеткенін 15 шілде күні естіген туыстары 18 шілдеде Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданынан келіп, Атыраудағы әскери бөлімнің алдына жиналды.
Медеттің жағдайын білген туыстары әскери полицияның тергеу ісін ашқанын Атырауға келгенде бір білген. Сарбаздың немере ағасы Төре Төлемісов әскери полицияға бара жатқанын, оған Медетті түсіріп алған екі видеоны тапсыратынын айтты. Сараз бірінші бейнежазбада өзін кім, қашан, не үшін ұрғанын айтқан.
Медеттің айтуынша, ол басқа сарбаздармен бірге 10 шілде күні туған күнін атап өтеді. Ал, келесі күні түскі үзілісте оны кеңсе бөлмесіне бір аға сержант-старшина шақырып, осы үшін ұрып-соққан. Бірақ Медет туған күнін атап өтетіні жайлы алдын ала ескертіп, рұқсат алғанын айтады.
Екінші видеода Медет 12 шілде күні  таңертең санитарлық бөлімге барғанын, 13 шілдеде таңертең көлікпен бір капитанмен қалаға шығып, оның өзіне «Ішімде адам бар, жын бар, сөйлейді, үшінші қабат қауіпті сияқты маған, секіріп кетейін деп жүрмін» деген секілді әңгімелер айт. Солай айтсаң, сені мешітке жібереді» деенін, сол себепті, яғни  «мешітке бару үшін бәрін айтқанын» жеткізді.
Медеттің әкесі әскерилерден ұлының соққы алғанына бір апта болса да бірде-бір рет ауруханаға апармағанына налып, «әскерилер дәрігерлермен келісіп, шынайы диагнозын жасыруы мүмкін» деген күдігін ашық білдірді.
- Олар өз ауруханасында өзара таныс дәрігерлерімен келісуі мүмкін. Әскерде таяқ жеген бала ауырып, өліп кетсе, кім жауап береді? Қазір жасөспірімдер не үшін әскерге барғаннан қорқады? Міне, осындай заңсыздықтардан!, - дейді ашынған әке.
ҚР ҰҚК шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаменті бастығының міндетін атқарушы, полковник Ғалымжан ДУЮСОВ дәл қазір түсінік бере алмайтынын, «жоғарыдан келісім алған соң беретінін» жеткізіпті. Дегенмен, ол Медеттің «медициналық көмекке мұқтаж» екені 15 шілде күні әке-шешесіне хабарланғанын растады.
Облыстық аурухана дәрігерлері Сарбаздың  ауырғанына үш күннен асып кеткендіктен, ауруханаға шұғыл түрде жатқызылмайтынын, бірақ, Медетті кері қайтарып жібермейтінін, «Сол жерде тексеріп барып міндетті түрде ауруханаға қабылдайды» деп жауап беріпті.