19 «наурыз», 2022 804

Ұрлық жасаған атыраулық азамат Орал қаласынан ұсталды

 Ұрлық жасаған атыраулық азамат Орал қаласынан ұсталды

Атырау қалалық пробация қызметі бөлімінің есебіндегі азамат қайталап қылмыс жасап, пробация қызметінен бой тасалады, деп хабарлайды ATPress.kz. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің  баспасөз қызметі мәлімдеді.  «Бұрын сотталып пробация қызметі есебінде тұрған азаматқа 16 наурыз күні Атырау қалалық №2 сотының қаулысымен іздеу жарияланған болатын.  Күдікті  Орал қаласынан ұсталып, Орал қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына 30 тәулікке қамалды» делінген хабарламада. Айта кетейік,  14-24 наурыз күндері аралығында республика көлемінде  “Пробация” жедел профилактикалық іс - шарасы өткізілуде.