Ұмытылған ұлттық ойынды қайта тірілтті (+ФОТО)

Аудан төрінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында аудан әкімі Ринат Хисаұлының қолдауымен және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен асық ату және бес асықтан ересектер арасында «Мақат с

Дүбірлі дода – ұлттық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорттың бұқаралығын насихаттауды мақсат етті.

Атылған жарысқа Атырау қаласы және Қызылқоға, Индер, Мақат ауданының асықшылары қатысты.

img_5198

img_5184

Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының көк туы желбіреп, әнұранымыз шырқалды. Алғаш болып сөз алған Мақат кентінің әкімі Ербол Ермағамбетов қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан әрі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполов ойынның ашылу салтанатымен құтттықтап, командалардың жақсы ойын көрсетеріне сенім білдірді.

img_5204

Ашылу салтанаты аяқтала салысымен, асықшылар әрі қарай ойынды бастап кетті. Нәтижесінде, командалық бес асық ойындарынан бірінші орынды «Мақат-1» құрамасы жеңіп алып, екінші орынды Индер, үшінші орынды «Мақат-2» құрамасы өзара бөлісті. Ал жекелей ойыннан мақаттық Мадина Төлегенова I орынды еншілесе, атыраулық Орынгүл Санатова II орын, мақаттық Аяжан Өтепқалиева III орынмен марапатталды.

090989898uu

rlrlrkfjfjr8878

Ал командалық асық ату бойынша «Мақат-1» аудан құрамасы бірінші орынды иеленсе, екінші орынды «Мақат-2» командасы және үшінші орынды қызылқоғалық асықшылар еншіледі. Сондай-ақ жекелей ойында мақаттық Ғалымжан Нарымбаев I орын, Аманбек Әбілғазиев II орын, қызылқоғалық Амандық Сисенов III орынды місе тұтты.

Ә.ҚАСЫМ

Суреттер автордікі