Украинадағы Қазақстандықтар арнайы рейспен Атырауға әкелінеді

"Air Astana" әуе компаниясы қазіргі уақытта қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялауға дайындалып жатыр. Әуе компаниясының хабарлауынша ,  қазақстандықтарды Польшаның Катовице қаласынан  Атырауға арнайы рейспен жеткізу жоспарлануда.

 Катовице қаласынан ұшу рейсі  26 ақпан жергілікті уақытпен 02:00 -ге жоспарланған.

Қазақстандықтар  трансфер мәселесі бойынша 25 ақпанда Львов қаласындағы Замкнен көшесі 3/1 мекенжайындағы ҚР Құрметті консулдығына жиналуы қажет.

Байланыс  телефондары: +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.

"Эйр Астана": +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.