Үкіметтік емес ұйымдар 47 күнде есеп беріп үлгеруі керек

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы, 41-бабының 5-тармағына сәйкес барлық коммерциялық емес ұйымдар (Заңда көрсетілген ұйымдарды қоспағанда) жыл сайын 31 наурызға дейін өз қызметі туралы мәліметтерді "ҮЕҰ дерекқорына" ұсынуға міндетті.

ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну - мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыру, ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті талаптардың бірі, сондай-ақ, Қазақстандағы отандық және шетелдік ҮЕҰ қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Тиісті ақпарат http://infonpo.gov.kz веб порталы арқылы тапсырылып отырады.ҮЕҰ дерекқорына мәліметті дұрыс тапсырмау, уақтылы тапсырмау ҚР 489-1 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз.