16 «тамыз», 2023 586

"ТШО" соңғы жағдайға байланысты түсініктеме берді


Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Теңізшевройл» ЖШС қоршаған ортаға рұқсатсыз экологиялық эмиссия шығарғанын, тиісті нормативтен асырып жібергенін және жерді бүлдіргенін алға тартты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Өз кезегінде облыстық экология департаменті бұл іс бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар жасап, қарау үшін Жылыой аудандық сотына жолдады. Нәтижесінде «ТШО» 2,8 млрд теңге әкімшілік айыппұл арқалады. Көп кешікпей компания тарапынан да ресми жауап жарияланды.

«2021 жылғы Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес «ТШО» Атырау облысы бойынша Экология департаментіне Теңіз кен орнында белгілі бір жұмыстарды атқаратын мердігерлердегі шығарындылар көрсеткіштері туралы ақпаратты уақытылы жіберді. Тиісті мемлекеттік орган бастамашылық еткен әкімшілік жаза – саны көп мердігер ұйымдардың қоршаған ортаға әсері туралы деректерді енгізуге берілген ТШО-ның қысқа мерзімімен байланысты. Аталған шығарындылар асып кетудің немесе экологиялық оқиғалардың салдарынан емес екендігін атап өту керек. 2021 жылы ТШО өндірістік қызметінің қоршаған ортаға әсері тиісті мемлекеттік органдар бекіткен шектерде қалды» делінген хабарламада.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ашық дереккөз