06 Қараша, 2021 680

«ТШО» компаниясының екінші деңгейлі зауыты істен шықты

 «ТШО» компаниясының екінші деңгейлі зауыты істен шықты

Өндірістік ақау 6 қараша күні таңғы сағат 5 шамасында орын алған.«Теңізшевройл» компаниясының екінші деңгейлі зауыты істен шыққан, деп хабарлайды АTPress.kz.

«Теңізшевройл» компаниясының мұнай өңдеу зауыты  Жылыой ауданының Құлсары қаласынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан.

«Зауыт  G-211А маркалы сорғысының  істен шығуы  салдарынан  тоқтады.

Жапа шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Жұмысшылар
эвакуацияланған жоқ.

11:30-да қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Сағат 13:00-де  зауыт технологиялық режиміне сай жұмысын жалғастырды.

Автоматиканың істен шығу себептерін «Теңізшевройл» мамандары анықтауда" деп нақтылады компания.