10 Қаңтар, 2022 835

Төтенше жағдай кезінде көпшілік шараларға тыйым салынады

 Төтенше жағдай кезінде көпшілік шараларға тыйым салынады

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлайды.

Төтенше жағдай кезінде спорттық-бұқаралық, оқу-жаттығу жиындары, жаттығулар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар және шығармашылық ұйымдардың жұмыстары тоқтатылады.

«Билеттерді қайтару және ауыстыру рәсімдері олардың өткізілген орны бойынша елдегі төтенше жағдай аяқталған соң жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта туризм салаларындағы және қызмет көрсету объектілерінде, оның ішінде жекелеген аймақтардағы белсенді демалыс объектілерін қоспағанда, орналастыру орындары, туристік базалар, санаторлы-курорттық объектілер,  демалыс аймақтары өз жұмыстарын штаттық режимде жүргізуде.

Сонымен қатар, ақысы төленіп қойған демалыстар (жолдамалар, турлар) құнын қайтару немесе қолайлы мерзімге ауыстыру мүмкіндігі елдегі төтенше жағдай аяқталған соң қолданыстаға заңнама аясында жүргізілетін болады» делінген хабарламада.

Айта кетейік, күні бүгін 7636 қазақстандық турист шет ел курорттарында демалуда. Елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты оларды туристтерді қайтару алгоритмі қарастырылуда.

 

Бұл туралы сұрақтар бойынша +7 701 534 05 80 (ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – «Туристік Қамқор» КҚ).

нөміріне хабарласуға болады.