Томарлыда не өртеніп жатыр?

Томарлы ауылында монша отқа оранды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"26 желтоқсан күні  21:53 сағатта Томарлы-2 ауылы, Қуатов көшесінде тұрғын үйлердің бірінің ауласында орналасқан моншадан түтін шыққаны туралы шақырту түсті. Жалпы ауданы 16 шаршы метр болатын моншаның жануы болды.  Өрт 22:19 сағатта оқшауланып, 22:28 сағатта жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге  Атырау облысы ТЖД 13-МӨСБ 6 қызметкер мен  1 бірлік техника жұмылдырылды" делінген облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарламасында.