21 Қыркүйек, 2022 2642

Томарлыда жоғалған бүлдіршін қызық жағдайда табылды...

 Томарлыда жоғалған бүлдіршін қызық жағдайда табылды...

Томарлы ауылдық округінде жоғалған қыз дүкеннен табылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Біз облыстық полиция департаментіне хабарласып, мәселенің мән-жайын сұрастырған едік. Ондағылардың айтуынша, аталған округтегі саз мектебінде оқитын жеті жасар қыз сабақтан ерте тарап, үйін таба алмай қалған. Мектепке барған ата-анасы оны таппаған соң, әлеуметтік желіге суретін жариялаған. Көп ұзамай желі қолданушылары бүлдіршінді танып, оның "Айкен-ай" дүкенінде ата-анасын күтіп отырғанын айтқан. Полицейлер дереу жетіп, жоғалған оқушыны тауып алды. Қарындасының аман-есен табылғанына қуанған ағасы дүкен иесіне өз алғысын білдірді.