"Тілсіз жау" толықтай ауыздықталды

Атыраудағы қамыс өрті толықтай сөндірілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы мәлім етті.
"24 қыркүйек күні 09:00 сағатта "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшақ техникасымен аэровизуалды тексеру кезінде қамыстардың жану аумағында ашық отпен жану және бықсу ошақтары анықталған жоқ. 24 қыркүйек күні 08:40 сағатта өрт толығымен жойылды" делінген хабарламада.
Бастысы, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.