Терезеден оқ атқан адам ұсталып, оның атыраулық екені анықталды (видео)
Полицейлер Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің терезесінен оқ атқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алматылық полицейлер 2000 жылы туған Х. есімді күдіктіні ұстады. Ол Атырау облысының тұрғыны болып шықты.
Полицейлердің мәліметінше, ол тұрғын үй кешендерінің бірінің балконынан белгісіз тапаншадан аспанға екі рет оқ атқан.
"Одан үш оғы бар RETAY PT24 сигналдық тапаншасы тәркіленді", – делінген хабарламада.
Фото:freepik.com