20 Қаңтар, 2022 8148

«Теңізшевройл» жұмысшылар жалақысын 50 пайызға өсіргені рас па?

 «Теңізшевройл» жұмысшылар жалақысын  50 пайызға өсіргені рас па?

«Теңізшевройл» компаниясының бизнес серіктестеріне жазған хаты желіде талқыға түсті. Онда компания серіктестеріне дереу қабылдануы тиіс шаралар тізбегін жолдаған, - деп хабарлайды ATPress.kz.

Мөрі соғылып, бас директор Кевин Лайонның қолы қойылған құжатта қызметкерлердің жалақысын 50 пайызға дейін өсіруге пәрмен берілген. «Бизнес серіктестер қосалқы мердігерлерінің қызметкерлерінің жалақысын 2022 жылдың қаңтарынан бастап дәл осындай мөлшерде жоғарылауына (50 пайыз) жауапты делінген міндеттемеде.

Сондай-ақ қызметкерлер наразылық акциясына қатысқан-қатыспағанына қарамастан, қолданыстағы келісімшарт бойынша жұмысқа араласа алатыны айтылған.

Ақпараттың шынайылығына көз жеткізбек болып, компанияның баспасөзге жауапты өкілдеріне хабарласып көрдік. Алайда олар бұл жөнінде жауап беруден бас тартты.

«Компания саясатына сәйкес ТШО компаниясы қызметкерлерге өтемақы жайындағы мәліметтерге түсініктеме бермейді» делінген хабарламада.

«Бұл ақпараттан ТШО қызметкерлері де хабарсыз. Жұмысшылар «Жалақының өскен-өспегені ақпан айында белгілі болады» деп отыр.