08 Шілде, 2022 1434

Теңіздегі қайғылы оқиға: 4 мың қызметкер демалысқа жіберілді

 Теңіздегі қайғылы оқиға: 4 мың қызметкер демалысқа жіберілді

Бұл туралы "Senimdi Kurylys" ЖШС-нің Өндірістік қатынастар жөніндегі менеджері Гүлмира Бапанова хабарлады.

Теңіздегі қайғылы оқиға "Senimdi Kurylys" ЖШС қызметкерлері вахтасының аяқталуына екі күн қалғанда орын алды. Гүлмира Батманованың айтуынша, сынақ жүргізген мердігер ұйым жұмысын уақытша тоқтатты. Бүгінде 4 мыңға жуық қызметкер демалысқа жіберілді.

"Болған оқиғадан кейін жұмыс ішінара тоқтатылды, жұмысшыларға осы күндерге жалақы төленетіні ескеріле отырып, үйлеріне жіберілді. Болған оқиғаның себебін анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Мұндай жағдай бізде алғаш рет орын алып отыр. Компания барлық уақытта қауіпсіздік техникасына қатаң қарайды", - деді Г.Батпанова.

"Senimdi Kurylys "компаниясы Теңіз кен орнында 30 жылдан бері мердігер болып келеді. Компания онда  құрылыс жұмыстарын жүргізумен айналысады.