21 Шілде, 2022 881

Теңіз кенішінде 11 жұмысшы тамақтан уланды

 Теңіз кенішінде 11 жұмысшы тамақтан уланды

Болған жағдайды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті растап отыр, деп хабарлайды ATPress.kz.

Жағдай Теңіз вахталық қалашығындағы  Isker мердігер компаниясында 20 шілде күні болған.

"20 шілде күні  Теңіз вахталық қалашығындағы  Isker мердігерлік компаниясының 11 жұмысшысы “Тағамдық токсикоинфекция” диагнозымен  Жылыой аудандық орталық ауруханасында ем қабылдауда.
Жағдайға байланысты  “Каз Пром Строй Инжиниринг” ЖШС-не тиесілі асханасында жоспардан тыс тексеріс жүргізілуде.
“Ұлттық сараптама орталығы” зертханасына сынамалар жіберілді" делінген департаменттің хабарламасында.

Жағдайға қатысты қойған сауалымызға ТШО басшылығы былай деп жауап берді:

"Теңізшевройл"​ ЖШС (ТШО) 2022 жылдың 20 шілдесінде Теңіз кенішіндегі "Іскер" мердігер компаниясының бірнеше қызметкерінің тамақтан улануға тән белгілерді сезінгенін ​білді. Сондай-ақ, ТШО мердігер компания басшылығының өз қызметкерлеріне қажетті медициналық көмек көрсету үшін​ тиісті шараларды қабылдайтынынан да хабардар.

ТШО жұмысы әдеттегідей жалғасуда және компания ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмыстарын қауіпсіз жалғастыруда".